Daryn School

ДАРЫН МЕКТЕБІ

Инновациялық Гимназия

История нашей школыМектеп тарихы

Путь от «Рахат» до Инновационной Гимназии «Дарын». Значимые события, победы и наши гордости.«Рахат» бастауыш мектебінен «Дарын» инновациялық гимназиясына дейінгі жол. Атаулы оқиғалар мен жеңістер.

ГлавнаяБасты бетchevron_rightИсторияТарихы
21'

Алғашқы қадам: «Рахат» бастауыш мектебі

«Рахат» бастауыш мектебі 2021 жылы 1 қарашасында ашылды. Мектеп Рахат ауылының 3 ауысымды мектептеріне көптен күткен демеу болды.

Мектеп құрылтайшысы Т.А. Болатбаева Рахат бастауыш мектебінің алғашқы директоры Ермуханова Равшан Кенжебайқызына мектеп кілтін табыстады. Директордың бірінші орынбасарлары Жақсылықова Тілектес Сұлтанқызы, Кәрібаева Манзура Алтынбековна болды.

schoolАлғашқы оқытушылар құрамы:

Қылышбек Мадина Қуанышбекқызы, Серікбаева Аққу, Темірова Әсел, Оңалдіков Саламат, Юсупова Майда, Ишанбай Гүлнар, Болатбаева Гүлзада Аманқосқызы.

23'

Жаңа белес: «Дарын» гимназиясы

2023 жылы мектеп «Дарын білім инновациялық мектеп гимназиясы» болып атын өзгертіп, жалпы орта білім беретін мектеп ретінде Мемлекеттік Лицензия алды.

Осы жылдар аралығында мектептің білім сапасы артып, оқушыларымыз түрлі сайыстардан жеңімпаз атанды.

emoji_eventsЖетістіктеріміз

  • calculate

    Республикалық «Бастау» турнирі

    2-4 сыныптар арасындағы математикалық турнирде 3 орын (Әдбығаппар Нұрсәт, Арыстанғали Әбубакір, Қарлыбай Нұржан. Жетекшісі: Серікбаева Аққу).

  • nightlife

    Атырау музыкалық фестивалі

    Мектебіміздің «Томирис» би тобы Гран-при ұтып алып, Дубай қаласына жолдама алды.

  • directions_run

    Жеңіл атлетика (Әзірбайжан)

    Әзірбайжанда өткен жарыста Түзелбай Қасар, Саламат Аяру, Хорезм Ақниет қыздарымыз 2 орынға ие болды.

  • functions

    «Алтын сақа» олимпиадасы

    Облыстық кезеңінде Асан Қайсар 3 орынға ие болды (Жетекшісі: Роза Орынбайқызы).

  • sports_martial_arts

    Таеквондо сайыстары

    Қылышбай Әділет, Төлетай Мейіржан, Таған Нұрмұқан 2 орынға ие болды.

База және Ұстаздар

Материалдық-техникалық база: барлық кабинеттер таза жөндеуден шықты, заманауи интерактивті тақталармен, теледидар панельдерімен, шкафтармен жабдықталды. Сонымен қатар, демалыс бөлмелері, биге арналған кабинет, таеквонда алаңдары бар. Асханамызда баланың дұрыс тамақтануына барлық жағдай жасалған. Келешекте үлкен спорт залын салуды жоспарлап отырмыз.

groups

"Мектепте 20-дан астам жоғары білімді, білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Мұғалімдердің әрқайсысы — өз бетімен көп жұмыс жасайтын, жүйелі түрде білімдерін жетілдіретін, оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізетін нағыз өз ісінің шеберлері."

Мектептің басты міндеттерінің бірі — оқушының жеке өмірлік ұстанымы мен қоғамдағы орнын табысты саналы таңдауы үшін жеткілікті негіз болатын білім беру.